"Тоттенхэмнің" бұрынғы футболшысы карьерасын Қазақстанда жалғастыру туралы ақпаратқа пікір білдірді
Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Роман Павлюченко қазақстандық команданың бас бапкері болуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп жазады "Спорт-Экспресс" басылымы. Айтуынша, ол қазақстандық командалардың бірімен келіссөз жүргізген екен.

"Бір командамен әңгіме болды. Команданың атын атпай-ақ қояйын. Бірақ дәл қазір ешқандай келіссөз жоқ. Алда не болатынын көреміз", - деді Павлюченко.
Айта кетейік, 39 жастағы шабуылшы бұған дейін әлі бапкер болып жұмыс істемеген. 2020 жылдан бері ол "Знамя" командасының намысын қорғап жүр. Жалпы карьерасында Павлюченко мәскеулік "Спартак", "Локомотив" және ағылшындық "Тоттенхэм" командаларының намысын қорғаған.
Жарнама