"Тоттенхэмнің" бапкері қайтыс болды

©tottenhamhotspur.com

Ағылшындық "Тоттенхэм" командасының физикалық дайындығына жауап беретін Джампьеро Вентроне 62 жасында қайтыс болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Ал кейбір БАҚ ақпараты бойынша, ол лейкамиямен ауырған. Вентроне Неаполь қаласында қайтыс болған. Италиялық маман 2021 жылдан бері Антонио Контенің бапкерлер құрамына кірген. 

Сонымен қатар, Вентроне "Катания", "Цзянсу Сунини" және "Гуанчжоу" командаларында жұмыс істеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар