"Тоттенхэм" пенальти сериясында басым түсіп "Челсиді" Англия лигасы кубогынан шығарып тастады

30 қыркүйек 2020 09:19
Сурет: AFP
Англия лигасы кубогының 1/8 финалындағы мачте "Тоттенхэм" пенальти сериясында "Челсиден" басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тоттенхэм Хотспур" стадионында өткен ойынның негізгі уақытында есеп 1:1 болды. 

19-шы минутта есепті "ақсүйектер" ойыншысы Тимо Вернер ашты. Ал алаң иелері тек 83-ші минутта Эрик Ламеланың дәл соққысының арқасында есепті теңестіре алды. 

Матчтен кейінгі пенальти сериясында "Челси" сапындағы Мейсон Маунт мүлт кетті, осылайша, 5:4 есебімен "Тоттенхэм" жеңіске жетті.