"Тоттенхэм" Жозе Моуриньюді орнынан босатты
Сурет: bt.com
"Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуринью орнынан босатылды. Бұл туралы The Athletic журналисті Дэвид Орнштейн твиттер желісінде хабарлады.
"Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуринью орнынан босатылды. Бұл туралы The Athletic журналисті Дэвид Орнштейн твиттер желісінде хабарлады.
Лондондық клуб басшылығына команданың көрсеткіштері ұнамағаны анық. Клуб АПЛ аяқталғанға алты тур қалғанда тек жетінші және еурокубоктарға ілінуге төрт ұпай жеткіліксіз жинап отыр.
Кейінгі бес матчте лондондықтар бір рет қана ұтқан, екі рет ұтылған және екі рет тең ойнаған.
Breaking: Jose Mourinho sacked as Tottenham manager @TheAthleticUK #THFC
— David Ornstein (@David_Ornstein) April 19, 2021
Моуринью "Тоттенхэмді" 2019 жылы күзде жаттықтыра бастады.
Жарнама