"Тоттенхэм" футболшыларының Мауриньюдан көңілі қалды

© football.ru
Лондондық "Тоттенхэм" футболшылары жаңа бапкер Жозе Моуринью өткізетін жаттығуларға көңілі толмайды, - деп хабарлайды The Sun.

Командадағы кей футболшылар португалиялық маман жоспарлап беретін ойын тактикасын да ұнатпады. Футболшылар Мауринью жаттығулары ескірген және бұрынғы бапкер Маурисио Почеттинонікіне қарағанда тым қарабайыр деген ойда. 

Атап айтқанда бапкер допты алысқа тебуді басымдыққа қояды, ал "Тоттенхэмнің" үздік ойыншылары мұны төменгі лига әдістеріне жатқызады. Оның үстіне ойыншылар бапкердің жартылай қорғаушы Танги Ндомбелені көпшілік алдында сынағанын жақтырмады. 

"Тоттенхэм" АПЛ-дегі кейінгі екі матчті тең ойнады және екі рет ұтылды. 22 қаңтарда "Норвичті" жеңіп, ұтыссыз ойын сериясын үзді. Ал турнирлк кестеде команда 23 матчте 34 ұпай жинап, алтыншы келеді. 

Моуринью "Тоттенхэмді" 2019 жылдың 20 қарашасында жаттықтыра бастады. 56 жастағы португалиялықпен келісімшарт 2022/2023 маусымның соңына дейін есептелген.