"Тоттенхэм" Чемпиондар лигасы 1/8 финалында "РБ Лейпцигтен" ұтылды, ал "Аталанта" италиялық "Валенсияны" ойсырата жеңді

© sport.tvp.pl
Ақпанның 19-нан 20-на қараған түні Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы тағы төрт команданың бірінші ойындары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Англиялық "Тоттенхэм" Лондонда германиялық "РБ Лейпцигтен" ұтылды - 0:1. 58-ші минутта форвард Тимо Вернер қорғаушы Бен Дэвистің фолы үшін белгіленген пенальтиді сәтті орындады.



Қатар өткен ойында италиялық "Аталанта" испаниялық "Валенсияны" ойсырата жеңді - 4:1.

"Антланта" сапында 16-шы және 62-ші минутта голландиялық қорғаушы Ханс Хатебур дубль жасады, 42-ші минутта словениялық Йосип Иличич, ал 57-ші минутта швейцариялық Ремо Фройлер гол салды. Сонымен бірге, хорватиялық Марио Пашалич екі асситпен көзге түсті.

"Валенсия" 66-шы минутта ғана бір гол соқты. Авторы 64-ші минутта алаңға шыққан Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев.



Мұның алдындағы 1/8 финалдың екі матчінде испанялық "Атлетико" англиялық "Ливерпульді" ұтқан - 1:0, ал германиялық "Боруссия" (Дортмунд) франциялық ПСЖ клубын жеңді- 2:1.

Келесі аптада "Реал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия), "Челси" (Англия) - "Бавария" (Германия), "Лион" (Франция) - "Ювентус" (Италия) және "Наполи" (Италия) - "Барселона" (Испания) жұптарының бірінші ойындары өтеді.
Жаңалықтар