"Тоттенхэм" бапкері футболшыларға кетчуп пен майонез жеуге тыйым салды
©Matteo Bazzi / EPA
"Тоттенхэмнің" жаңа бапкері Антонио Конте командада жаңа ережелер енгізді, деп хабарлайды sports.ru порталы The Athletic басылымына сілтеме жасап.
"Тоттенхэмнің" жаңа бапкері Антонио Конте командада жаңа ережелер енгізді, деп хабарлайды sports.ru порталы The Athletic басылымына сілтеме жасап.
Жаттығулардың бірінен кейін италиялық маман ойыншылардың кейбіріне артық салмағың бар деп тіке айтқан.
Конте командаға міндетті түскі асты енгізді. Ал базадағы ас мәзірінен ауыр тағамдарды, сэндвичтерді алынып, тіпті кетчуп пен майонезге тыйым салынды.
Енді футболшылар көкөніс шырынын азырақ ішетін болады, тағамдарды даярлауға қосылатын май мөлшері де азайтылады. Есесіне Конте ойыншыларға көкөністің өзін көбірек жеуді ұсынған.
Жарнама