Төрт гол соққан "Ордабасы" екінші орынға көтерілді

©kazfootball

Қазақстан чемпионатының 16-турында "Ордабасы" өз алаңында "Каспийді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шымкенттегі ойын 4:1 есебімен аяқталды. "Ордабасы" сапында Всеволод Садовский (20 минут), Эльхан Астанов (31), Муроджон Халматов (80, 87) гол соқты.

Ал маңғыстаулықтардан Руан Телеш (76 минут) көзге түсті.

Осының арқасында Александр Седнев командасы турнир кестесінде 26 ұпаймен "Ақтөбе" клубымен ұпайы теңесіп алғашқы үштікке ілікті. Ал 27 ұпайы бар "Астана" жеке-дара көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар