Футбол
8 қараша 2021 13:57

Төреші ойын кезінде футболшыны шынтақпен есеңгіретіп тастады

©Трансляциядан жасалған кадр

Франция чемпионатының 13-турындағы "Реймс" пен "Монако" арасындағы ойында жайсыз оқиға болды.

12-минутта бас төреші Жереми Пиньяр артында тұрған жартылай қорғаушы Морету Кассаманы байқамай қалды. Ол артқа жүгірем деп, абайсызда шынтақпен футболшыны жерге құлатты.

Соққы айтарлықтай күшті болғанға ұқсайды. Өйткені Кассама орынынан бірден тұра алмады да, оған дәрігерлер жәрдем жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport