Төреші "Ливерпуль" ойыншысын матч кезінде шынтақпен жағынан ұрды
©Видеодан кадр
Англия чемпионатының "Ливерпуль" мен "Арсенал" арасындағы 30-тур матчінде жеңімпаз анықталмады, есеп -2:2. Алайда бұл ойыннан кейін жанжал шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Англия чемпионатының "Ливерпуль" мен "Арсенал" арасындағы 30-тур матчінде жеңімпаз анықталмады, есеп -2:2. Алайда бұл ойыннан кейін жанжал шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Энфилд" стадионында өткен ойынның есте қаларлық бір сәті лайнсмен Константин Хацидакис алаң қожайындары сапынан Энди Робертсонды шынтақпен қойып қалғаны болды. Осы кезде басқа ойыншылар бірден бас төрешіге жүгіріп, түсінік сұрады. Робертсонның өзі сары қағаз түрінде ескерту алды.
АПЛ-дің қазылар комитеті лайнсменнің бұл әрекетіне қатысты тексеріс жасайтындарын хабарлады.
Жарнама