Төреші бірінші боқтады. "Мақтаарал" футболшылары жанжалдан кейін алаңнан қуылды

Сурет: "Тараз" ФК©

Футболдан Қазақстан кубогының "Тараз" бен "Мақтаарал" арасындағы топтық кезеңнің матчі жанжалмен бітті. Meta-ratings.kz мәліметінше, ойын соңында алаңнан бірден екі ойыншы қуылды. 

"Қосымша уақытта "Мақтаарал" қорғаушысы Мейіржан Қамбыл мен бас бапкердің көмекшісі, Атыраудан келген Сергей Калачев сөзге келіп қалды. 

Куәгерлердің сөзінше, Калачев бірінші болып боқауыз сөз айтқан. Мейіржан алдымен ескерту алды, осыдан кейін ол төрешіге дөрекі жауап берді, осы үшін алаңнан қуылды. 

Артынша төрешіге Едіге Оралбай барған еді, матч аяқталар алдында Оралдан келген төреші Болат Кәрлібаев оған қызыл қаңаз көрсетті", - деп жазады мәлімет көзі. 

Айта кетейік, "Мақтааралмен" тең түскен "Тараз" 10 ұпай жинап, турнирдің ширек финалына шықты. Топтағы бірінші орында "Тобыл" (12).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport