Тони Кроос "Алтын допқа" кімнің лайық болғанын айтты

©championat

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Тони Кроос маусым қорытындысы бойынша "Алтын допқа" қай ойыншының лайық екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Шынымды айтсам, мені жекелей марапаттар қызықтырмайды. Алайда ондай марапат болған соң әділ болу керек еді. Менің ойымша бұл жолы әділ болмады. Мен үшін биылғы жылдың үздік ойыншысы – Бензема. Месси мен Роналдудың соңғы он жылдықта сөзсіз мықты екендігін мойындаймын. Бірақ Карим Бензема "Алтын допты" алуға лайық өнер көрсетті", - дейді Кроос.

Еске салайық, France Football журналы ұйымдастырған марапаттау рәсімінде Алтын допқа үміткерлер арасында Карим Бензема төртінші орын алды. Ал бұл номинацияда ең көп дауыс жинаған Лионель Месси карьерасында жетінші рет үздік деп танылды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар