Томасов қала ма? "Астананың" келесі маусымда құрамы қандай болатыны айтылды

©"Астана" ФК

Осы маусым аяқталған соң "Астана" командасының құрамы айтарлықтай өзгереді. Vesti.kz тілшісі осы орайда командада қай футболшы қалады, ал қайсысы кететінін саралап көрді. 

Елордалық командаға жақын дереккөздің ақпараты бойынша, келесі маусымда Абзал Бейсебеков пен Марин Томасов анық қалады. Команда басшылары бұл ойыншыларды ұжымның маңызды бөлігі санайды. "Қайрат" командасына қарсы кездесуден кейін Григорий Бабаян Томасов ел біріншілігіне маңызды үлесін қосатын футболшы және онымен келісімшарт ұзартылатынын айтты. 

Ал команданың 70 пайыз футболшылары клубтан кетуі мүмкін. Олардың қатарында клубқа Срджан Благоевич шақырған ойыншылар бірінші кезекте кетеді. Сонымен қатар, Марко Милошевич, Михаил Габышев, Асылан Дарабаев, Жереми Монзорро және Килан Лебон секілді ойыншылар жоспарға кірмейді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport