Томасов дубль жасады. "Астана" Конференция лигасындағы бірінші матчте жеңіске жетті

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" командасы УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасындағы өз алаңында өткізен бірінші матчінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің екінші іріктеу кезеңінде "Астана" грекиялық "Ариспен" кездесті. "Астана Аренада" өткен бұл матчке көрермендер кірмей, футболшылар бос трибунада ойнады. 

Кездесу 2:0 есебімен "Астананың" пайдасына аяқталды. Марин Томасов 25-минутта есеп ашса, 71-минутта дубль авторы атанды. Ал араға бес минут салып, Лука Шимунович алаңнан қуылды да, "Астана" матчті он ойыншымен аяқтады. Дегенмен кездесу соңына дейін елордалық клуб өзіне тиімді есепті ұстап қалды. 

Енді командалардың қарымта матчі 29 шілдеде Грекияда өтеді. Келесі кезеңге өту үшін "Астана" үш гол айырмашылығымен жеңілмесе жеткілікті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport