Томас Мюллер Месси мен Роналду арасында таңдау жасады

©footballhd

"Бавария" жартылай қорғаушысы Томас Мюллер әлемнің ең үздік екі ойыншылары саналатын Роналду мен Месси арасында таңдау жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Месси немесе Роналду? Негізі екеуі де мықты. Бірақ мен Роналдуды таңдар едім. Себебі жеке өзімнің статистикам бойынша Мессиге қарсы ойындарда көбірек жақсы жетістіктерге жеткенмін. Ал Роналдудың командасына қарсы ойындарда жеңістеріміз аздау. Сондықтан португалиылықты мықты деп айтар едім", - дейді Мюллер.

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатында Мессидің Аргентинасы, Роналдудың Португалиясы және Томас Мюллер ойнайтын Германия құрамалары өз топтарының көшбасшылары болып табылады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар