Тоқаевты Instagram блоктап тастады

©instagram.com/zhomarttokayev/

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Атырау" командасының ойыншысы Жомарт Токаевтың аккаунтын Instagram әлеуметтік желісі блоктап тастады. Бұл туралы "Футзал Казахстан" телеграм-арнасы хабарлады. 

Ойыншының өзі әлеуметтік желісін не үшін бұғаттап тастағанын білмейтін айтады. Тоқаев әлеуметтік желінің тұтынушылардың қолдау қызметіне хабарласқан. Бірақ жауап алмады. 

Еске салайық, 22 жастағы Тоқаев Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасының белді ойыншыларының бірі болды. Ал оның Италия құрамасына соққан добы турнирдегі ең әдемі голдардың бірі есептелді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар