auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тоқаев ФИФА басшысымен кездесу өткізді

Тоқаев ФИФА басшысымен кездесу өткізді
©Борт №1

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.

"Сіздің сапарыңыз Қазақстан футболын дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамытуда ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және ФИФА президенті ретінде қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Борт №1

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады.

Джанни Инфинтино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.

"Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол", - деді Джанни Инфантино.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама