"Тобылмен" толағай табысқа жеткіміз келеді". Қорғаушы ЧЛ жайлы

©Тобыл ФК

"Тобыл" қорғаушысы Бағдат Қайыров Чемпиондар Лигасында "Ференцварош" клубына қарсы ойын алдында дайындығымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Біздің команда жауапты ойынға дайындалып жатыр. Жаттығуымыз жоғары деңгейде. Команда ішіндегі атмосфера керемет. Дайынбыз деп айтуға болады.

Құрама мен клубтың айырмашылығы қандай дейсіз бе? Қарап тұрсаңыз, екі жақта да ел намысын қорғаймыз. Ал құрамамыздың жағдайы жақсы. Топта бірінші орын алып, Ұлттар Лигасында жоғары дивизионға шығуға мүмкіндік бар. "Тобылмен" де толағай табысқа жеткіміз келеді. Ол үшін командамызда нағыз сайдың тасындай іріктеліп алынған ойыншылар барын салады. Бізді қызықты ойын күтіп тұр", - дейді Қайыров.

Еске салайық, Қостанайдағы ойын 6 шілде күні астана уақытымен 20:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport