"Тобылға" қарсы өтетін кездесуге "Қызыл-Жардың" екі футболшысы қатыса алмайды

21 қыркүйек 2021 21:33
©"Қызыл-Жар" ФК

Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасының екі футболшысы Қазақстан кубогі ширек финалының жауапты кездесуінде "Тобылға" қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Алдағы ойынға сары қағаздардың көптігіне байланысты 27 жастағы қорғаушы Дмитрий Шмидт қатыспайды. 

Одан бөлек, бұл кездесуге 34 жастағы португалиялық Карлос Фонсека ойнамайды. Ол "Тобылға" қарсы бірінші кездесуде қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Айта кетейік, жауапты кездесу ертең, 22 қыркүйек күні Қостанай қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: