"Тобылға" Бабаянның орнына кім келетіні айтылды

Сурет: "Тобыл" ФК

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич "Тобылды" жаттықтыра бастауы мүмкін. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлап отыр.

"100 пайыздық сеніммен айтуға болады, Срджан Благоевич жақында Ақтаудан Қостанайға ауысады. Бұл бағытпен былтыр жүру керек еді, бірақ, Григорий Бабаян ол кезде ЦСКА командасына бармай қалды. Енді 48 жастағы сербиялық маман үшін жол ашық", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Григорий Бабаян мәскеулік ЦСКА командасына Алексей Березуцкийдің көмекшісі болып барды, бұл клубта қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтынын айта кетейік. Ал "Тобылда" Бабаянның орнында әзірге Александр Москаленко отыр.