"Тобылға" алыстағы Кипрден құттықтау келді

©fctobol

“Тобыл” футбол клубына директор Николай Паниннің атына “Омония” (Кипр) клубынан құттықтау хат келіп түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. Чемпиондық атақпен “Омония” клубы төрағасының орынбасары Димитрос Григори құттықтады.

“Құрметті Николай Борисович! “ОМОНИЯ” ФК және оның барлық жанкүйерлерінің атынан “Тобыл” клубын 2021 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтағымыз келеді. “Тобыл” ФК барлық ойыншыларына, жаттықтырушыларына, қызметкерлері мен жанкүйерлеріне құттықтауымызды жеткізуіңізді өтінеміз.

Пандемияға байланысты әлем қиындық көруде. Осы тұрғыда сіздің клубыңыздың жетістігін таңқаларлық деп санауға болады, өйткені бұл сіздің барлық күш-жігеріңіз бен шығындарыңызды көрсетеді.

“ОМОНИЯ” ФК 2022/23 жылғы жаңа маусымда УЕФА клубтық жарыстарында да, Қазақстанның ішкі жарыстарында да сәттілік тілейді. Сіздің клубыңыздың осы өте қиын жылдағы жетістігі алдағы сәтті маусымдарға нық қадам болатынына сенеміз”, – делінген хатта.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: