"Тобылдың" тағы бір футболшысы ұлттық құрамасына шақырту алды

©footballhd.ru

"Тобылдың" қорғаушысы Жарко Томашевич Черногория құрамасына шақырту алды, деп жазады қостанайлық клубтың баспасөз қызметі. 

Черногория құрамасы 20 және 29 наурыз күндері Подгорица қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 

Бұл жаттығу жиындары кезінде Черногория Арменияға қарсы сырт алаңда (24 наурыз) және Грекияға қарсы өз алаңында (28 наурыз) күнде жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындарға қатысу үшін Томашевич құрамасына шақырту алды. 

Еске салайық, бұған дейін "Тобылдың" шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырту алған болатын

Айта кетейік, "Тобыл" өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанып, биыл Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіне қатысады. Ал жаңа маусымда қостанайлық команда төрт ұпай жинап, бесінші орында келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар