"Тобылдың" тағы бір футболшысы жарақат алды

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобылдың" тағы бір көшбасшы футболшысы жарақат алып, қатардан шығып қалды, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, сербиялық легионер Душан Йованчич жаттығу кезінде жарақат алған. Енді ол "Тұранға" қарсы кездесуге қатыспауы мүмкін. 

Осылайша, Йованчич "Тобыл" сапында жарақат алған Серікжан Мужиков пен Самат Жарынбетовтің қатарына қосылды. Биыл сербиялық футболшы Қазақстан кездесуінде үш ойынға қатысып, бір сары қағаз алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport