"Тобылдың" шабуылшысы Өзбекстан құрамасына шақырту алды

©"Тобыл" ФК

"Тобыл" командасының шабуылшысы Игорь Сергеев Қазақстанға қарсы кездесуге қатысу үшін Өзбекстан құрамасына шақырту алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі қостанайлық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 16 қараша күні Ташкент қаласында өтеді. 

Азия футбол конфедерациясының күнтізбесіне сәйкес Өзбекстан құрамасы Ташкент қаласында 12 және 20 қараша аралығында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізеді. 

Сергеев ҚПЛ-де биыл 25 кездесу өткізіп, 8 гол соғып, 2 нәтижелі бас берді. 

Ал Өзбекстан құрамасы сапында шабуылшы 65 ойынға қатысып, 19 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport