"Тобыл" мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев Meta-ratings.kz порталына берген сұқбатында келісімшарт аяқталғанына қарамастан қостанайлық команда сапында қалғысы келетінін айтты.
- "Тобыл" сапында қаласыз ба? Қанша уақытқа келісімшартты созасыз?
- Келісімшарт туралы әлі нақты ештеңе белгілі емес. Қазір келіссөз жүруде. Ары қарай не боларын білмеймін. "Тобылда" қалғым келеді. Басшылар мен команда толық көңілімнен шығады. Чемпиондық суперкоманда.
Еске салайық, 28 жастағы шабуылшы өткен маусымды "Ақтөбе" сапында бастап, жазда "Тобылға" ауысты. Жалпы ол қостанайлық команда сапында 38 кездесу өткізіп, 16 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионы да атанды.