"Тобылдың" негізгі ойыншыларының бірі ауыр жарақат алып қалды

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы жарақатына байланысты бір айға қатардан шығып қалды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды. 

34 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатының 24-турында "Қызыл-Жар" командасына қарсы кездесуде жарақат алды. Тошич бұрынғы командаласы Карлуш Фонсекамен допқа талас кезінде аяғын жарақаттады. Содан соң 15-минутта Тошичтің орнына Рубен Бриджидо ойынға қосылды. 

Медициналық тексерістің қорытындысы бойынша, Зоранның сан бұлшық етінің созылғаны белгілі болды. Енді футболшы ел біріншілігінің қалған турында қарғандылық "Шахтер" мен оралдық "Ақжайық" командаларына қарсы кездесуге қатыспайды. 

Еске салайық, қазіргі уақытта "Тобыл" чемпиондық атаққа талас жүргізуде. Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда қостанайлық команда "Астана" ұжымынан екі ұпай ғана кем жинады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: