Футбол
28 тамыз 2022 14:09
 

"Тобылдың" негізгі қақпашысы маусым соңына дейін қатардан шықты

  Пікірлер

blog.share

"Тобылдың" негізгі қақпашысы маусым соңына дейін қатардан шықты ©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" негізгі қақпашысы Александр Мокин "Ордабасыға" қарсы өткен ойында алған жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. 

blog.share

"Тобылдың" негізгі қақпашысы Александр Мокин "Ордабасыға" қарсы өткен ойында алған жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. 

Кеше "Тобыл" ҚПЛ 17-турында өз алаңында "Ордабасы" командасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ бұл ойында Мокин жарақат алды. Қақпашы 57-минутта Акмаль Бақтияровпен соғысып, алаңнан дәрігерлердің көмегімен кетті. 

"Қазақстан чемпионатының ең егде футболшысы аяғын сындырып алыпты. Енді ол жуық арада қатарға қайта қосылмайды", - деп жазады инсайдер Айдын Қожахмет. 

Айта кетейік, биыл Мокин ҚПЛ-да 15 ойынға қатысып, 19 гол жіберді. Ол 6 ойында қақпасына гол жібермеді. Енді оның орнын ресейлік қақпашы Тимур Акмурзин басады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!