"Тобылдың" қорғаушысы Ұлттық құрамасына шақырту алды

©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" қорғаушысы Жарко Томашевич Черногория құрамасына шақырту алды, деп жазады Vesti.kz порталы қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Черногория құрамасы 19-27 қыркүйек аралығында Подгорице қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізеді. 

Осы аралықта Томашевичтің құрамасы Ұлттар лигасында екі ойын ойнайды. 23 қыркүйек күні Черногория сырт алаңда Босния және Герцеговинамен кездессе, 26 қыркүйек күні өз алаңында Финляндияны қабылдайды. 

Айта кетейік, биыл 32 жастағы қорғаушы "Тобыл" сапында барлық турнирде 21 кездесуге қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport