"Тобылдың" Конференция лигасындағы "Зриньскиге" қарсы құрамы белгілі болды

©instagram.com/fctobol

Бүгін, 11 тамыз қостанайлық "Тобыл" командасы өз алаңында Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында босниялық "Зриньски" командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде QazSport арнасының ресми сайты көрсетеді. 

Еске салайық, бұл командалар арасындағы бірінші кездесуде "Зриньски" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

"Тобыл": Мокин, Каиров, Марочкин, Малый, Аманович, Жарынбетов, Йованчич, Тагыберген, Тошич, Дебле, Вукадинович;

"Зриньски": Чондрич, Тичинович, Магдич, Баришич, Савич, Маглица, Юкич, Янкович, Илинкович, Чуже, Билбиа.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар