"Тобылдың" капитаны "Ақсу" командасымен келіссөз бастады

©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" бұрынғы капитаны Дмитрий Мирошниченко жазғы трансфер кезеңінде ҚПЛ командаларының біріне ауысады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

30 жастағы қорғаушының өкілдері бірнеше командамен келіссөз жүргізген. Оның ішінде "Ақсу" командасы да бар. Павлодарлық команда жазда құрамын күшейтіп алмақшы. 

Мирошниченко қорғаушы және жартылай қорғаушы қызметін атқара алады. 

Айта кетейік, соңғы алты жарым жылды қорғаушы "Тобыл" сапында өткізіп, өткен жылы Қазақстан чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport