"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Қазақстан құрамасы сапында ойнауы ықтимал

Сурет: "Тобыл" ФК

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің алдағы матчтерінде ойнауы мүмкін. Ол Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне кіріп отыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Самат қостанайлық команданың мықты ойыншыларының бірі. Осы маусымда ол 21 матчке қатысып, бір гол салды және төрт нәтижелі пас берді. 

Жарынбетов негізігі қорғаушы позициясында, алайда, ол орталық немесе қапталдағы қорғаныста да ойнай алады. 

Самат екібастұздық футбол мектебінің түлегі. 

Мұның алдында германиялық қорғаушы Роберт Бауэр Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық командаға шақырылатыны хабарланған еді. 

Қыркүйекте Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында үш матч өткізеді: өз алаңында Украинамен (1 қыркүйек), сырт алаңда Финляндиямен (4 қыркүйек), үш күннен кейін Босния және Герцеговинамен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport