"Тобылдың" франциялық легионері командадан кетті

©"Тобыл" ФК

30 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро қостанайлық "Тобылдан" кетті. Бұл туралы футболшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Бір жарым жыл – 2 жүлде. Мен әрқашан қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жанкүйерлер үшін чемпионатта топ жарғанымызды мақтан тұтамын. Жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамын, бар жақсылықты тілеймін", - деп жазды Манзорро.

"Тобыл" сапында Манзорро ел чемпионы, сонымен қатар Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды. Ол қостанайлық клуб сапында 44 кездесу өткізіп, 7 гол мен 7 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар