Футбол
28 шілде 2022 06:50

"Тобылдың" Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы "Слованды" ұтты

©FRADI.HU

Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу айналымында "Ференцварош" қос матч қорытындысы бойынша Братиславаның "Слованын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Апта бұрын Венгрия астанасында Станислав Черчесов баптайтын мажарстандық клуб өз алаңында Словакия чемпионына 1:2 есебімен есе жіберген еді. Қарымта матчта "Ференцварош" ойыншылары қонақта "Слованды" 1:4 нәтижесімен тізе бүктірді. Осылайша, "Ференцварош" турнирдің үшінші кезеңінде Кипрдің "Аполлонымен" кездеседі.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының алғашқы айналымында "Тобыл" мен "Ференцварош" кездесіп, Қостанайда 0:0 есебімен тең тарқасса, Будапештте 5:1 есебімен Венгрия чемпионы жеңісті тойлады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport