"Тобылдың" белді үш футболшысы командадан кетті

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобылдың" үш бірдей белді футболшысы командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

2021 жылдың 31 желтоқсанында Тони Сильва, Жереми Манзорро және Элгуджи Лобжанидзенің "Тобылмен" келісімшарты аяқталды. Үш футболшы да қостанайлық командамен келісімшартты ұзартудан бас тартты. 

Енді бұл футболшылар еркін агент. 

Еске салайық, бұған дейін "Тобылдан" команданың капитаны Азат Нұрғалиев кеткен еді. Оның да келісімшарты аяқталған. Бірақ команда басшылары капитанмен келісімді ұзартуды жөн санамаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: