"Тобылдың" бас бапкері қызметінен кетті

©"Тобыл" ФК

Александр Москаленко қостанайлық "Тобыл" командасының" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Мұндай шешім қостанайылық команданың сырт алаңда "Ақтөбеден (1:2) жеңілгеннен кейін шығарылды. Жалпы Москаленконың бастамасымен "Тобыл" биыл бар болғаны бір ойында жеңіске жетті. 

Еске салайық, 45 жастағы маман "Тобыл" тізгінін 2021 жылдың маусымында ұстаған еді. Оның бастамасымен қостанайлық команда өткен жылы Қазақстан чемпионы, ал биыл ел Суперкубогінің иегері атанды. 

2022 жылғы маусымда "Тобыл" 11 кездесуден кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар