"Тобыл" құрамынан кеткен шабуылшы Оралхан Өміртаев мансабын бұрынғы клубы "Шахтерде" жалғастырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Бір жарым жыл бұрын, қарағандылықтардың жаңа келісімшартына қарамастан, ойыншы Қарағандыдан Қостанайға ауысқан болатын. Ол кезде Өміртаев өз күшін мықтырақ жобада сынап көргісі келген еді. "Тобыл" клубы "Шахтерге" ойыншы үшін 17 миллионнан артық сыйақы төлеген болатын.
Алайда бір жарым жыл ішінде Оралхан қостанайлық команданың негізгі шабуылшысы бола алмады. "Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян кетісімен ол келісімшартын бұзды. Енді ойыншы бұрынғы клубына өз қабілетін тағы дәлелдеуіне тура келеді.