"Тобылдан" кеткен Нұрғалиев жаңа клуб тапты

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы капитаны Азат Нұрғалиев карьерасын түркістандық "Тұран" сапында жалғастырады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Түркістандық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 35 жастағы жартылай қорғаушы келісімшарт жасап, 13-ші нөмірді таңдап алған. 

Нұрғалиев бұған дейін талдықорғандық "Жетісу", "Сұңқар", "Астана", шымкенттік "Ордабасы" командаларында өнер көрсеткен.

"Тобылдың" белді үш футболшысы командадан кетті

Жартылай қорғаушы соңғы жылдары "Тобылдың" намысын қорғады. Қостанайлық клуб сапында ол 227 матчқа қатысып, 49 гол соқты.

Жалпы Азат Нұрғалиев ҚПЛ-да 460 матч өткізіп, 89 гол соққан. Футболшы Премьер-лигада ең көп матч өткізген екінші ойыншы болып табылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: