"Тобылдан" кеткен футболшы ресейлік команда сапына қосылды

© kazfootball.kz
"Тобылдың" бұрынғы қорғаушысы Александр Клещенко Ресейдің Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін красноярлық "Енисей" сапына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы футболшы ресейлік клубпен 1 жылға келісім жасады. Ал қостанайлық клубқа ресейлік ойыншы биылғы маусым басында румыниялық Йонуц Ларие орнына келген еді. ҚПЛ-де ол 12 ойынға қатысып, екі рет ел Кубогында өнер көрсеткен.

"Тобылға" дейін Клещенко "Кубань", "Томь" және "Алания" сапында ойнап, қостанайлықтардың бұрынғы бас бапкері Владимир Газзаевтің қол астында жаттықан.

Айта кетейік, "Енисей" ҰФЛ-дің бес турынан кейін 20 команда арасында 18-ші келеді. Клуб былтыр премьер-лигадан шығып қалған. 
Жаңалықтар