23 жастағы футболшы ресейлік клубпен 1 жылға келісім жасады. Ал қостанайлық клубқа ресейлік ойыншы биылғы маусым басында румыниялық Йонуц Ларие орнына келген еді. ҚПЛ-де ол 12 ойынға қатысып, екі рет ел Кубогында өнер көрсеткен.
"Тобылға" дейін Клещенко "Кубань", "Томь" және "Алания" сапында ойнап, қостанайлықтардың бұрынғы бас бапкері Владимир Газзаевтің қол астында жаттықан.
Айта кетейік, "Енисей" ҰФЛ-дің бес турынан кейін 20 команда арасында 18-ші келеді. Клуб былтыр премьер-лигадан шығып қалған.