"Тобыл" 28 жастағы словениялық жартылай қорғаушы Руди Пожег Ванкасты сапына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Футболшы Словения чемпионатында "Колпа", "Домжале", "Целье" және "Марибор" сапында капитан ретінде өнер көрсеткен. Биыл ол украиналық "Черноморецте" ойнады.
Вингер Словения чемпионатында 274 матчқа (49 гол, 32 нәтижелі пас) және Еурокубоктарда 15 ойын өткізді.
Сонымен қоса, Пожега Словения құрамасымен бір ойынға қатысқан.