Футбол
Бүгін 10:16

"Тобыл" пенальти сериясында басым болып Конференция лигасының үшінші раундына өтті

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" клубы өз алаңында Литваның "Паневежис" командасын ұтып, УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қостанайда өткен қарымта кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Есепті алғашқы болып қонақтар ашты. 33-минутта Наурис Петкявичюс мергендігімен көзге түсті. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында, нақтырақ айтқанда 45+3-минутта Амин Талаль таразы басын теңестірді.

Айта кетейік, Литвада өткен алғашқы кездесу де дәл осындай 1:1 есебімен аяқталған болатын. Сондықтан жеңімпазды анықтау үшін ойын қосымша уақытқа ұласты. Экстра-таймда да командалар жеңіс голын соға алмады. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында "Тобыл" футболшылары дәлдік танытып, 3:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, қостанайлық клуб Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

Келесі кезеңде "Тобыл" сербиялық "Партизан" мен люксебургтік УНА клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Кездесудің басты қаһарманы "Тобылдың" қақпашысы Данил Устименко болды. Ол пенальти сериясында қарсыластың екі 11 метрлік добын қайтарып, командасының жеңіске жетуіне зор үлес қосты.
  


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport