"Тобыл" негізгі шабуылшысына байланысты нақты шешім қабылдады
©"Тобыл" ФК
Қостанайлық "Тобыл" команданың негізгі шабуылшысы Игорь Сергеевпен келісімшартты ұзартатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қостанайлық "Тобыл" команданың негізгі шабуылшысы Игорь Сергеевпен келісімшартты ұзартатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz порталының ақпараты бойынша, Қазақстан чемпионы өзбекстандық шабуылшыға жаңа ұсыныс жасаған. Футболшының өзі де қостанайлық командада қалуға қарсы емес. Осылайша, екі тарап қаржылық мәселені де шешіп қойған.
Еске салайық, Сергеев "Тобыл" сапына жазда ауысып келіп, Конференция лигасындағы "Хайдукке" қарсы кездесуде бірінші ойынын өткізді. Кейін тоғыз голмен команданың үздік сұрмергені атанды.
Жарнама