"Тобыл" мен "Ференцварош" ойыншылары төбелесе жаздады

©Кадрдан видо

"Тобыл" мен "Ференцварош" ойыншылары бірінші таймның соңында төбелесе жаздады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Ференцварош" ойыншысы Франк Боли қасында тұрған Бағдат Қайыровты итеріп жіберді. Нәтижесінде төреші жағдайды реттеу үшін ойынды тоқтатты. Ал осы кезде Қайыров қарсыласын итеріп, есесін қайтарды. Осының салдарынан қос команданың футболшылары бір-бірімен иық тіресіп төбелесе жаздады. Осыдан кейін әділ қазы Бағдат Қайыров пен Франк Болиді сары қағазбен жазалады.

Қостанайдағы кездесудің бірінші таймында гол соғылмады. Алаң иелері 7 соққы жасаса, қонақтар 3 соққы жасап, оның екеуін Мокин қақпасына дәл бағыттады.

Еске салайық, қос клуб Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында алғашқы матчты өткізуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport