"Тобыл" мен "Ференцварош" матчының барлық билеті сатылды

©Тобыл ФК

Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымында "Тобыл" мен "Ференцварош" матчының барлық билеті сатылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Билеттер сатылымы аяқталды", - деп жазылған "Тобыл" клубының ресми сайтында.

Еске салайық, "Тобыл" мен "Ференцварош" арасындағы ойын Қостанайдағы "Орталық" стадионда өтеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport