"Тобыл" мен "Астана" тең түсті

©fcastana

Футболдан Қазақстан чемпионатының 8-турында "Тобыл" өз алаңында "Астананы" қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қостанайдағы матчта алаң иелері бірінші болып есеп ашты. 32-минутта елордалықтардың экс-қорғаушысы Жарко Томашевич есеп ашты. Үзілістен кейін "Астана" сапында Педро Эуженио чемпионаттағы ең үздік голдарының (54-минут) бірін салды. Қорытынды есеп 1:1. 

Турнир кестесінде Срджан Благоевич ойыншылары 13 ұпаймен екінші орында тұрса, "Тобыл" 12 ұпаймен төртінші орында келеді. Енді қостанайлық ұжым 9-турда қонақта "Шахтермен" ойнаса, "Астана" өз алаңында "Тұранды" қабылдайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар