"Тобыл" македониялық футболшымен келісімшартын ұзартпақ

©"Тобыл" ФК

"Тобыл" команда лидерлерінің бірі Алекс Амановичпен келісімшартын ұзартпақ. Бұл туралы ekipa.mk хабарлайды. 

Биыл қостанайлық команданың бірнеше футболшылармен келісімшарты аяқталады. Олардың ішінде македониялық Алекс Аманович те бар. Бірақ ұжым басшылары бұл қорғаушымен келісімшартты ұзартпақ. 

Айта кетейік, Аманович "Тобыл" сапына өткен маусымда келді. Биыл ол Қазақстан чемпионатында 24 кездесу өткізіп, үш гол соқты. 

Қазіргі уақытта 25 жастағы футболшының трансфер нарығындағы құны - бір миллион. Қазақстанға дейін ол сербиялық "Явор" (Иваница), "ИМТ Белград", "Телеоптик" командаларында ойнаған. Негізі Аманович "Партизан" командасының тәлімгері. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: