Қостанайлық "Тобыл" 2022 жылғы ҚПЛ-ді үшінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші болған 26-тур матчінде қостанайлықтар Оралда "Ақжайықты" 3:1 есебімен ұтты.
40-минутта Игорь Сергеев бірінші голды салды. 49 және 70-минутта Дебле дубль жасады. Алаң иелерінен тек Илья Коваленко 79-минутта бір гол салды.
Осылайша, былтыр чемпион болған "Тобыл" биыл қола жүлдегер атанды.