"Тобыл" Конференция лигасының топтық кезеңіне қай командамен талас жүргізетіні анықталды

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қай командамен кездесетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Плей-офф кезеңінде Қазақстанның чемпионы "Олимпиакос" (Грекия) - "Слован" (Словакия) арасындағы жеңімпазбен жолығады. Бұл ойындар 18 және 25 тамызда болады. 

Бірақ плей-офф кезеңіне шығу үшін "Тобыл" алдымен үшінші іріктеу кезеңінде босниялық "Зриньски" командасын өту керек. 

Бұл ойын 4 және 11 тамызда болады. Бірінші кездесу Боснияда болса, жауапты кездесу Қазақстанда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар