Футбол
30 шілде 2021 16:03

"Тобыл" конференция Лигасының келесі ойынын Қостанайда өткізбейтін болды

Сурет: "Тобол" ФК©

Қостанайлық "Тобыл" конференция Лигасының үшінші айналымында "Жилинаға" қарсы ойынды өз алаңында емес, Нұр-Сұлтанда өткізетін болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қостанай қаласындағы "Центральный" стадионы бұл кезеңді өткізуге рұқсат ала алмады.  

Словакиялық командаға қарсы ойын 5 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді. 2 тамыздан бастап елордадағы карантин шараларының күшеюіне байланысты ойынға жанкүйерлер кіргізілмейді.

Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін "Тобыл" сенсация жасап, хорватиялық "Хайдукты" 4:3 есебімен жеңіп, турнирден шығарып жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport