"Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

© instagram/fctobol

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі екінші ойында швейцариялық "Базельден" ұтылып қалды, бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалардың қарымта кездесуі Қостанайда өтті. "Тобыл" қарсылас командадан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Барлық гол бірінші таймда соғылды.

26-минутта "Базельді" Антон Каде алға шығарса, 32-минутта Жан-Кевин Огюстен пенальтиді мүлт жібермеді. Үзіліске дейін бір голды 43-минутта Серж Дебле салып үлгерді.

Еске салайық, Швейцарияда өткен алғашқы ойында "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, жалпы 4:3 есебімен қазақстандық клуб Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Онда команда "Дерри Сити" (Ирландия) - "КуПС" (Финляндия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport